Семей қ. Геологиялық барлау колледжінің ресми сайты

Құрметті тұтынушылар сайт өңдеу кезеңінде

+7 (7222) 31-37-21

Байланыс: мекенжай, бөлімдер

 

Жұмысқа орналастыру

Жұмысқа орналастыру

Ұзақ жылдар бойы колледж өз түлектерін жұмысқа орналастырумен айналысады, бұл басқа оқу орындарында өте сирек құбылыс. Түлектерді жұмысқа орналастыру колледждің басты  міндеттерінің бірі болып табылады. Колледждің қызметі кәсіпорындар үшін күшті кадрлық потенциалды қалыптастыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде тұрақты қарым-қатынастарға, жұмыс берушілер мен колледжде сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға әкелді.

Түлектерді жұмысқа орналастыру қалай жүзеге асады?

Әр жылдың мамыр айында КЖОжМ бөлімі:

  • жұмыс берушілердің алдын-ала тапсырыстары туралы хабарлайды;
  • бітіруші топтардың студенттерімен әңгімелесулер жүргізеді;
  • іс-тәжірибеден өткеннен кейін кәсіпорындардан жіберілген түлектерге атаулы тапсырыстар ескеріледі;
  • бітіруші топтарда жұмыс берушілердің тапсырыстары талқыланады.

Жұмысқа орналастыруға жинақтаушы рейтинг тізімдері әсер етеді ме?

Қорытынды жинақтаушы рейтинг тізімі шешуші рөлді атқарады, өйткені рейтинг тізімінің басында орналасқан студенттер болашағы үлкен компанияларға жіберіледі.

Жұмыс берушілер түлектерді қалай іріктейді?

Жыл сайын дипломдық жобаларды қорғауға және мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсыруға жұмыс берушілер шақырылады. Олар МБК (мемлекеттік біліктілік комиссиясы) мүшелері ретінде қатысады. Одан кейін кәсіпорындардың өкілдері жоғары білім көрсеткен түлектерді жұмысқа қабыладайды.

Жұмысқа бөлу кезінде нені ескереді?

  1. Іс-тәжірибеден өткеннен кейін кәсіпорындардың атаулы шақырулары;
  2. Тестілеу және тренинг нәтижелері;
  3. Жұмыс берушілердің әңгімелесулері.

Шет елдік кәсіпорындарға түлектерді  жұмысқа орналастыру қалайша жүзеге асады?

Халықаралық фирмалардың «Schlumberger» («Шлюмберже»), «Halliburton» («Халлибуртон»), СП «КАТКО» ЖШС менеджерлері түлектерді іріктеудің өзіндік ерекше тәсілін қолданады. Жыл бойы, әдетте дипломдық жобаны қорғуға дейін, көрсетілген фирмалардың қызметкерлерді іріктеу бойынша менеджерлері колледжге бірнеше рет келеді, студенттердің резюме, анкета, жеке бас құжаттарын қарастырады, оқытушылармен, іс-тәжірибе меңгерушілерімен, жатақхана тәрбиешілерімен, КЖОжМ бөлімінің менеджерлерімен әңгімелеседі, анкета түрінде берілетін ұсыныстар ескеріледі, онда басқа критерий бөлек, ағылшын тілін білуі туралы көрсетіледі. Бұдан кейін олар өз фирмасының презентациясын, тестілеуді өткізеді және өз жұмысын жұмысқа орналасуға үмікерлермен әңгімелесулер арқылы аяқтайды.

Түлектерді қайтадан жұмысқа орналастыру мүмкін бе?

Кәсіпорынның банкрот болу немесе өз тапсырыстарының шарттарын орындамау жағдайында, түлектерді колледжді бітіргеннен кейін 3 жылдың ішінде басқа кәсіпорындарға қайта орналастырады. Қайтадан жұмысқа орналастыру - өте сирек құбылыс және тек біздің колледжде ғана бар екендігін ерекше атап өткен жөн. 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР ТАҚТАСЫ

Геологиялық барлау колледжі келесі пәндер бойынша 2-айлық дайындық курстарына қабылдау жариялайды: физика, математика. Толығырақ


Біздің колледжге түскісі келетін құрметті талапкерлер, сіздерден геологиялық барлау колледжінде білім алуға кедергі жасайтын медициналық көрсеткіштер тізімімен танысуды сұраймыз.

Танысу үшін келесі сілтемені қолданыңыз.

Сырттай бөлімдегі студенттерге хабарландыру. Толығырақ

Хабарландырулар жоқ. Толығырақ

Хабарландырулар жоқ. Толығырақ

Құрметті жер қойнауларын пайдаланушылар-жұмыс берушілер, Семей қ. «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК 2014 ж. ақпан айынан бастап «Бұрғылау қондырғысының машинисі» екі айлық курстарына қабылдау жүргізетіндігін хабарлайды. Курстар туралы толық ақпаратты осы жерден ала аласыздар.

Рахманбердиев Азамат, АО Волковгеология
Мусин Жандос, АО Казпромгеофизика
Мукашев Анет, ТОО Геотехносервис
Каримов Наиль, Schlumberger
Дюсенханов Мадияр, компания Карачаганак Петролиум Оперейтинг
Байбол Ерик, ТОО Асем Тас Н
Аяпбергенов Абылайхан, ТОО Семизбай -U
Аяпбергенов Абылайхан, Семизбай-U
Козловская М, КРО
Фоминых Е., Касенов И., Бутолина В., КАТКО, Алматы
Сергазин Арман, Schlumberger Logelco Inc, стажировка в Абу-Даби
Сарсенова А. практика в ТОО Жайыкмунай, г. Уральск
Оспанова Айжан, практика в Орион Минералс, Астана
Королев А., Сергазин А., работают в французской компании Schlumberger Logelco Inc
Нурмухамбетов А., практика в корпорации Казахмыс Дриллинг
Бектемиров Виталий, практика в СП КАТКО, Алматы
Канапьянова А., работает в Австралии
Баядилов Бауыржан, работает в американской компании «Halliburton International Ink»
Таниев С. Работал в Конго, переведен в Италию
Кожанбаев А. Работает в Атырау, стажировки в Абу-Даби, Хьюстоне
Жибраев А. Стажировка в Норвегии
Андриенко С. и Алимгалиев Э. на стажировке в ОАЭ
Асанов Е. на стажировке в Англии и Франции
Балах В. на стажировке в Англии
Бейсенбаев Е. на стажировке в Англии
Искаков Н. в Уганде
Шулгауов А. в техшколе в Абу-Даби